Саудияда халықаралық жаңа әуежай ашылады
Саудияда халықаралық жаңа әуежай ашылады
1 жыл бұрын 751 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Robert Hrovat / Unsplash

Саудия аумағында Ar-Riyadh Airlines деп аталатын жаңа халықаралық әуе компаниясы құрылады. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Press Agency ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырп мәлім етеді. 2030 жылға таман жолаушыларды тасымалдаушы бұл компания әлемнің әр түкпірінен 100-ден аса қаламен әуе байланысын орнатады. Аталмыш компанияда 200 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады. Десе де ұшу бағыттары әлі айтылған жоқ. Саудия билігінің бұл қадамы тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салманның тікелей пәрменімен жүргізіліп жатқан, ел экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқаруға бағытталған, кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформа аясында жасалып отыр.  Ar-Riyadh Airlines компаниясын Саудияның көптеген жобаларға бастамашы болып отырған Ұлттық қоры басқарады.

0 пікір
Мұрағат