Саудия ядролық держава атану мәртебесіне қатысты өз шартын мәлім етті
Саудия ядролық держава атану мәртебесіне қатысты өз шартын мәлім етті
10 ай бұрын 705 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман аймақтағы бәсекелесі Иран ядролық қаруға ие болған жағдайда Саудияның да ядролық держава атануға қақысы барын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al-Arabiya ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Егер Иран ядролық қаруға ие болса, біз де осындай қадамға барамыз», - деп мәлімдеген тақ мұрагері Fox News дерек көзіне берген сұхбатында. Осы орайда Саудияның Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылғанын айта кетпекпіз. Алайда, 2011 жылы көрші елдерде ядролық қару пайда болса, бұл ұстанымынан бас тартатынын жариялады. Дегенмен, Иран билігі ядролық қаруға қол созып отырмағанын мәлімдеуден танбай келеді. Бұдан бөлек, Мұхаммед бен Салман Саудияның Иранмен жұлдызы қарсы Израилмен арақатынасы жақсырап келе жатқанын алға тарта отырып, екі ел арасындағы толыққанда қатынас тек тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылғанда ғана орнайтынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат