Саудия Таяу Шығыстағы АҚШ-тың қолшоқпарына айналып барады
Саудия Таяу Шығыстағы АҚШ-тың қолшоқпарына айналып барады
6 жыл бұрын 3955 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыс аймағында ең ықпалды мемлекет саналатын, исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті мекенге ие білдей бір мемлекеттің АҚШ-тың осы аймақтағы мүддесін жүзеге асыратын елге қалай айналды? Бұған өз кезегінде кезінде әлем екі лагерге бөлінгенде (капиталистік және социлаистік) орын алған саяси жағдайлар ғана әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, сауда (мұнай) орта ғасырда қалып қойған саудиялықтардың әлемдік ойыншылардың біріне айналуына мүмкіндік берген ресурс болды. Былайша айтқанда, мұнай-көзірге арқа сүйеген Саудия қаласа да, қаламаса да бәрібір әлемде болып жатқан саяси оқиғалардан шет қала алмасы анық еді. Бұл басқа тақырып болғандықтан, ары қазбалап, түбін үңгіп жатпаймыз. Бұл тақырыпты тарихшылардың еншісіне қалдырып, тікелей айтпағымызға көшеміз: Сауд арабиясының сыртқы істер министрлігінің жетекшісі Әділ әл-Жүбейір Катар билігінен, еген АҚШ-тың қолдауынан айырылғысы келмесе, Сирияға әскер кіргізуін талап етті.

Егер бұл талап орындалмаса, АҚШ Катарды «қанатының астынан шығарады». Саудия осыны пайдаланып, Катар режимін бірнеше күннің ішінде төңкеріп тастауға уәде берді. Тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың маусым айында Саудия бастаған Біріккен Араб Әмрліктері, Мысыр және Бахрейн Катармен дипломатиялық қатынасты үзген болатын. Терроризмге демеу бергені үшін. Яғни, террористерді қаржыландырғаны үшін. Аталған елдер Катарға экономикалық санкция салып, көліктік қатынасқа байкот жариялаған еді. Коалиция Катар билігіне дағдарысты шешу үшін 13 тармақтан тұратын шарт қойған болатын. Солардың ішінде, Иранмен байланысын үзу, ел аумағындағы Түркияның әскери базасын жабу, террористерге дем беруді тоқтату, өзге елдердің ішкі ісіне қол сұқпау, сондай-ақ, әлемге әйгілі «әл-Жазира» телеаирнасын жабу. Катар билігі аталған шарттарды орындаудан бас тартып отыр. Кувейт коалиция мен Катар арасында дәнекерлеуші миссиясын атқарып жүр.

0 пікір
Мұрағат