|
Саудия королінің отбасы кәрілікке қарсы жыл сайын миллиард доллар инвестиция құяды
|
Саудия монархының отбасы кәрілікпен күресу әрі адам ғұмырын ұзарту технологиясын іздестіретін Hevolution Foundation коммерциялық емес ұйымына жыл сайын бір млрд доллар инвестиция құятын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырп мәлім етеді. Осылайша саудиялық монархтың қомақты қаржысы Hevolution Foundation ұйымын әлемдегі кәрілік тетігін зерттейтін компаниялардың маңдайалды орталығына айналдырады. Аталмыш ұйым өз кезегінде грантты жасартатын дәрі-дәрмекті әзірлеу мен клиникалық сынақтарға бөлетін болды. Бұдан бөлек, жас ұлғая келе жабысатын аурулардың алдын алуға көмектесетін, бұқара қол жеткізе алатын дәрі-дәрмек өндірісі де осы қаражатқа жолға қойылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді