Саудия әлемнің 34 елінде ауызашар береді
Саудия әлемнің 34 елінде ауызашар береді
2 жыл бұрын 1079 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі қасиетті Рамазан айында әлемнің 34 елінде ауызашар бағдарламасын жүзеге асыратынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш бағдарлама 1,2 млн адамды қасиетті ай бойы қамтымақ. Нәсілі мен қай құрлықта немесе қай мемлекетте ораза ұстағандарына қарамастан. Яғни, бұл қайырымдылық жобасы мемлекеттің діни мәртебесіне, мұсылмандардың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайына қарамастан жүзеге асырылады. Осы мақсатта Саудияның ислами орталықтары елшіліктермен қызметін үйлестіріп, бірігіп жұмыс істейтін болады. Осы орайда өткен жылы да мұндай жобаның жүзеге асырылғанын айта кету керек, алайда, пандемияға байланысты бұл бағдарлама әлемнің тек 16 елін ғана қамти алған еді.

0 пікір
Мұрағат