Saudi Aramco-ның таза табысы 2022 жылы рекордтық деңгейге жетті
Saudi Aramco-ның таза табысы 2022 жылы рекордтық деңгейге жетті
1 жыл бұрын 736 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының Saudi Aramco мұнай компаниясының таза табысы 2022 жылы рекордтық деңгейге жетіп, 161,1 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғымен салыстырғанда 46,5%-ға артық. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Saudi Aramco-ның қаржылық есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания биржада саудаланатын компаниялар арасында ең жоғары жылдық пайдаға ие болғанын атап өтті. Saudi Aramco, сондай-ақ, мұнай бағасының көтерілуінен, сату мөлшерінің артуынан және өңдеу маржасының жақсаруынан осындай жетістікке жеткен. Saudi Aramco-ның төртінші тоқсандағы дивидендтері 19,5 миллиард долларға жеткен. Өткен жылы компанияның бос ақша ағыны 148,5 миллиард долларды құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғымен салыстырғанда 38%-ға жоғары. Компанияның күрделі шығындары 18%-ға өсіп, 37,6 млрд долларды құрады. Сарапшылардың боллжамынша, 2023 жылы бұл көрсеткіш 45-55 миллиард долларға дейін артуы мүмкін. «Бірегей мүмкіндіктерімізді пайдалану және жаһандық сын-қатерлерді шешуге атсалысу үшін Saudi Aramco тарихи рекордтық инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырды, өткен жылы күрделі шығындарды 18%-ға арттырып, 37,6 миллиард долларға жеткізді», - деді Saudi Aramco бас директоры Амин Нассер.

0 пікір
Мұрағат