Сарапшылар 2015 жылы әлемдегі ірілі-ұсақты соғыстардан қанша шығын келгенін есептеді
Сарапшылар 2015 жылы әлемдегі ірілі-ұсақты соғыстардан қанша шығын келгенін есептеді
8 жыл бұрын 2513 Islam-today

Өткен жылы, яғни, 2015 жылы әлемнің әр түкпіріндегі ірілі-ұсақты қарулы қақтығыстар мен соғыстарға 1,7 триллион доллар шығын шыққан. Стокгольм қаласындағы халықаралық әлем мәселелерін зерттеу институтының мамандарының есебі осындай. Сарапшылардың айтуынша, шығынның көп бөлігі қақтығысқан тараптардың қару-жарақ пен соғыс техникаларын сатып алуына жұмсалған. Ал елдер бойынша қару-жарақ сатып алуға АҚШ әскерилері көп шығын шығарған. 2015 жылы аталмыш ел осы мақсатта 596 миллиард долларын шығындаған. Одан кейінгі орынға Қытай табан тіреген - 215 миллиард доллар. Үшінші орында Сауд Арабиясы тұр - 87 миллиард доллардан аса қаражатын қару-жарақ сатып алуға жұмсаған екен. 2015 жылы еліміздің әскери шығыны 1,9 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылға қарағанда 400 миллион долларға аз. Айта кетейік, былтыр біздің ел бұл тізімде 61-орында болған еді.

0 пікір
Мұрағат