|
Мешітке аралар шабуыл жасады (Фото)
|
АҚШ-тың Аризона штатына қарасты Феникс қаласындағы мешіт жамағаты мұсылмандардың сол құлшылық үйіндегі шатырына ұя салған аса улы америкалық жабайы аралардың шабуылына ұшырады. Біз көріп жүрген әдеттегі аралардан дене тұрқы ірі келетін әрі шаһар мінезді қауіпті жәндіктер жамағат намаз оқып жатқан кезде шабуылдаған. Нәтижесінде 20 адам медициналық жәрдемге жүгінуге мәжбүр болған. Олардың біреуінің халі мүшкіл болғандықтан емханаға жатқызылды. Аралардың бетін тек өрт сөндіретін көбікпен қайтаруға тура келді. Сөз реті келгенде айта кетейік, жыл сайын бұл елде жабайы аралардың шағуынан екі адам қаза табады екен.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді