Сақал өсіргені үшін бал айынан қағылды
Сақал өсіргені үшін бал айынан қағылды
8 жыл бұрын 2733

Британияның жуырда ғана үйленген мұсылман жұбы тәртіп сақшыларының асыра сілтеушілігінен жапа шегіп отыр. Жас жұбайлар бал айын шетелде, дәлірегі, Мароккода өткізбек болып, ұшаққа мінбей ме, оларды ұшақ бортынан полиция қызметкерлері жолдарынан қалдырып, бірнеше сағат бойы тергеудің астына алған. Сөйтсе, күйеу жігіттің азиялық түр-әлпеті полиция өкілдеріне ұнамай қалып, сақал жібергенінен күдіктенген. Бұл жайында «ansar.ru» порталы "dailymail.co.uk» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. 39 жастағы Ахмет Әлі өзін нендей себеппен тергеуге алғанын сұрағанда, полиция Терроризм туралы жетінші актіні алға тартқан. Ахмет Әлінің айтуынша, бұған дейін де өзін ұшақтан түсіріп алып, құқық қорғау қызметкерлері сұрақтың астына алған. «Мені діни сенімім бөлек болғаны үшін әрі үшін сақал жібергенім үшін үстады. Қазіргі уақытта сақал сәнге айналған. Сақал жіберген ақ нәсілділер айналамызда толып жүр, бірақ, оларға ешкім тиіспейді», - деді ашына тіл қатқан, жазықсыз жапа шеккен Ахмет. Ахмет Әлі нәсілшілдік кемсітушілікке ұшырап отырғанын күйінішпен жеткізді. Ол әуекөлігін жиі пайдаланады. «Мен қайырымдылықпен айналысамын, мен британдықпын – Британия азаматымын. Мен жиі ұшамын әлемдегі үйсіз-күйсіздерге азық-түлік жеткізу үшін», - деді сөзін толықтырып.

1 пікір
Мұрағат