Сән үшін ұсталатын балық экспорты бойынша шиғалар елі алға шығып келеді
Сән үшін ұсталатын балық экспорты бойынша шиғалар елі алға шығып келеді
4 жыл бұрын 2891 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның Қашандағы ауыл шаруашылық басқармасының директоры Мәжид Кафизаде Қашан қаласында жыл сайын шамамен 40 мың тонна декоративті балық өндірілетінін, тек ел аумағына ғана таралып қоймай, сонымен қатар, Түркия, Ирак, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі және Парсы шығанағымен шекараласатын елдерге де эксопртталатынын мәлімдеді. Осылай дей келе ол бір ғана Қашан қаласының өзінде 1700 хауызы бар 549 су қоймасында декоративті балықтар өсірілетінін жеткізді. Оның айтуынша, биылдың өзінде аталған қалада 17 млн декоративті балық өсіріліп, сатылған. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі irna.ir порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Ядролық бағдарламасына байланысты батыс елдері тарапынан санкция астында қалған ел экономикасы күйремей, керісінше 2018 жылдан бері өсу көрсеткішіне қол жеткізе алды. Ол үшін ел экономикасын барынша әртараптандыруға көп күш жұмсалып жатыр. Мұнай шикізатына тәуелділіктен арылып келеді. Балық шаруашылығы ішінде декоративті балық өндірісі де экономиканы әртараптандыруға қатысы бар салаға айналып келеді.

Декоративті, яғни, аквариумде ұсталатын балықтар тарихы тым тереңде жатыр. Біздің дәуірімізге дейінгі 1500 жылы Қытайда өз алдына өнер ретінде бастау алған. Әдетте сәндік үшін ұсталатын балықтардың пішіні мен түсі, көлемі өзгеше болып келеді. Декоративті балықтар арасында алтын балық үлкен сұранысқа ие. Аквариумист ғалымдар талай жыл бойы декоративті балықтарды түрлендіру үшін тер төгіп келеді. Дәлірегі, селекциядан бастап, гибридтік түрлерін алуға ұмтылып келеді. Нәтижесінде түрлі түсті әрі пішіні мен көлемі сан алуан балық пайда болды. Соңғы уақытта декоративті балықтарды түрлендіру үшін осы заманғы технологиялардың, яғни, гендік инженерияның көмегіне жүгініп жатыр.

Декоративная рыба из Ирана поставляется в разные страны

0 пікір
Мұрағат