Сахараның оңтүстігіндегі Африкада елдерінде исламның белең алуы: 2010-2030 ж.ж.
Сахараның оңтүстігіндегі Африкада елдерінде исламның белең алуы: 2010-2030 ж.ж.
1 жыл бұрын 1308 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ислам - Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде таралуы жағынан екінші орында тұрған дін, мұсылмандар халықтың 30,2% құрайды, деп жазады Оишимайа Сен Наг есімді сарапшы. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сахараның оңтүстігіндегі Африка «Қара Африка» деп аталатын аймақ; аталмыш аймақта әлемдегі халық санының ең жылдам өсу қарқынына ие. Қара Африканы одан әрі төрт қосалқы аймаққа бөлуге болады: Батыс Африка, Шығыс Африка, Таяу Африка және Оңтүстік Африка. Батыс Африка - Сахараның оңтүстігіндегі мұсылмандар қарасы көп жалғыз Африка аймағы, ал Оңтүстік Африкада керісінше мұсылмандар саны аз. Қазіргі уақытта Сахараның оңтүстігіндегі Африкада негізінен христиандар үлесі жоғары. Олар халықтың 62,9%-ын құрайды (2010 ж.). Олардан кейін мұсылмандар – халықтың 30,2%. Сонымен қатар, жергілікті наным-сенімдегілер, индуизмді, буддизмді және иудаизмді ұстанушылар ішінара кездесіп қалады. Батыс Африкадағы халқы ең көп ел Нигерия - Сахараның оңтүстігін жайлаған кез келген елге қарағанда мұсылмандар саны басым. 2030 жылға қарай мұсылмандар саны 2010 жылғы 75 728 000-нан 116 832 000-ға дейін артады. Статистикалық болжам бойынша алдағы 20 жылда Қара Африкада демографиялық дүмпу болып, 2030 жылға қарай аймақтағы мұсылмандар дүние жүзіндегі мұсылман халқының 17,6 пайызын құрайтын болады. Батыс Африкадағы мұсылмандар саны 2010 жылы 160 миллион болса, 2030 жылы 257 миллионға жетіп, 60 пайыздан асады. 2030 жылға қарай шағын аймақтың мұсылмандар үлесі жалпы халықтың шамамен 52,2%-ын құрайды, бұл көрсеткіш 2010 жылы 50,4%-дан сәл артық. Шығыс Африкада мұсылмандар қарасының жалпы халықтағы үлесі 2010 жылғы 21,5%-дан 2030 жылы 21,1%-ға дейін аздап төмендейді. Орталық Африкада мұсылман халқы субаймақтың жалпы халқының 10%-дан азын құрайды және 2030 жылы шамамен бірдей болып қалмақ. Африканың оңтүстігінде мұсылмандар саны шамалы ғана өседі - шамамен 1,3% құрайды. Сахараның оңтүстігіндегі Нигерия, Кот-д'Ивуар және Габонда мұсылмандар үлесінің ең үлкен өсімі байқалады. 2010 жылы Нигерия халқының 47,9 пайызы мұсылман болса, 2030 жылы бұл көрсеткіш 51,5 пайызға жетеді. Сондай-ақ, бұл тараптағы дерекке сәйкес 2010-2030 жылдары Кот-д'Ивуар мен Габондағы мұсылман халқының үлесі тиісінше 3%-ға және 2,3%-ға артады. Жалпы туу деңгейінің жоғары болуы Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы мұсылмандар санының артуына әкелетін негізгі фактор болып табылады. Экономиканың дамуы мен медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігінің артуы да жанама фактор ретнде алға шығады. Бұдан бөлек, исламды қабылдағандар саны басқа діндерді таңдағандардан көп болады. Дегенмен, көші-қон аймақтың діни демографиясына әсер етпейді.

أكبر قصور العالم المبنية من الطين | مجلة سيدتي

Arab-Islamic education in Sub-Saharan Africa: going beyond clichés to build the future

0 пікір
Мұрағат