Ресейлік қабір қазушылардың қанша жалақы алатыны белгілі болды
Ресейлік қабір қазушылардың қанша жалақы алатыны белгілі болды
10 ай бұрын 885 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Константин Стругов есімді көрқау (көр қазушы) кәсібімен бес жыл бойы айналысып келе жатқан ресейлік азамат өзінің айлық табысын жариялады. Оның айтуынша, ресми жалақысы (айлық табысы) 25 мың рублді құрайтынын жеткізді. 25 мың рубл теңге бағамына шаққанда шамамен 124 мың теңге болады. Бұл жайында islam.kz порталы moslenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол айлығы шайлығына жетпейтінін айта келе қосымша жұмыс істейтінін, атап айтқанда, мәйітті жерлеуден өзге бейіттерді күтіп ұстайтынын алға тартты. Осы орайда еліміздегі қабір қазушылардың нақты ресми жалақысы болмайтынын айта кетпекпіз. Көбінесе көр қазуды жалдамалы жұмысшылар атқарады. Жалдаушы жақтың бергенін қанағат тұтады. Дегенмен, қалалық жерлерде сирек те болса, қабір қазуды кәсібіне айналдырған азаматтар да қосымша жұмыс істеп табыс табатынын айта кету керек, мәселен, зиратты қоқыстан тазартады, қисайған немесе құлаған қоршауды тұрғызады, зиратта тал егеді, арасында гүлдерді суарып тұрады, т.б.

0 пікір
Мұрағат