Ресейде мигранттардың саусақ ізі алынады
Ресейде мигранттардың саусақ ізі алынады
6 жыл бұрын 3572 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейге барған барлық мигрант аталған елдің ішкі істер министрлігінің дактилоскопиялық тіркеуінен өтуге міндеттелді. "Қазіргі уақытта ІІМ мүдделі атқарушы биліктің федералды органдарымен бірге шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуге қатысты заңнаманы одан ары жетілдіру мәселесін қарастыруда",- деді Ресей ІІМ-нің көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқарманың жетекшісі Ольга Кириллова ТАСС ақпарат көзіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, бұл бағытта отандық әрі халықаралық тәжірибе ескерілетін болады. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Ресейден пана сұрап келгендер, РФ азаматтығын алуға өтініш бергендер, уақытша тұруға келгендер немесе жұмысқа тұру үшін келгендер аталған тіркеуден өтуге міндетті. 

0 пікір
Мұрағат