|
Ресей дәрігерлеріне шaриғи әдеп үйретіледі
|
Ресей мүфтилер кеңесі (РМБ) Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Ресейдің үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясының базасында ислам әлемі елдерінен келетін мұсылман пациенттерімен жұмыс істеу негіздері мен діни әдеп курстарын ашуда. Дәрістер сериясынан тұратын оқу курсы медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау менеджерлеріне арналған. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қадамға баруына мұсылман мемлекеттерінен, соның ішінде Таяу шығыс елдерінен келетін туристер қарасының көбеюі себеп болған. Ислами әдеп курсынан өткендерге біліктіліктілігін көтергені бойынша сертифкат беріледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды