Рамазан кезінде ән мен биге ерік бергендерді жазалайтын болады
Рамазан кезінде ән мен биге ерік бергендерді жазалайтын болады
8 жыл бұрын 2767 islam.kz muslim.kz

Африка құрлығының батысында орналасқан Гамбия елінде қасиетті Рамазан айы кезінде ән мен биге, барабанда ойнауға тыйым салынып отыр. Тыйымды бұзғандар тұтқындалатын болады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, әзірге заң бұзушылық орын алмаған. Гамбия тұрғындары әнсіз өтпейтін мерекелік бағдарламалардың барлығын Рамазанда атап өтпейтін болған.

Айта кетейік, Гамбия тұрғындарының 90 пайызы Ислам дінін ұстанады.

Музыкалық, ойын-сауық бағдарламаларын таратуға тыйым салынады

Исламның негізгі құндылықтарына құрметті сақтау мақсатында Сауд Арабиясының туризм және ұлттық мұра жөніндегі комиссия қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларында орын тепкен барлық қонақ үйлердің телеарналардан берілетін музыкалық және ойын сауық бағдарламаларын таратуына тыйым салды. Аталған заң бұл талабын бұзғандарға бері алғанда аса ірі мөлшерде айыппұл салынады немесе қонақ үйді жабады. Аталмыш комиссия мүшелері осы қалалардағы қонақ үйлерді жиі тексеріп тұратын болады.

0 пікір
Мұрағат