Қытайдың шетелдік инвестициясы күрт кеміді. Неге?
Қытайдың шетелдік инвестициясы күрт кеміді. Неге?
5 жыл бұрын 2227 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың шетелдегі жобаларға тартылатын инвестициясы айналдырған бір ай ішінде, яғни, осы жылдың қаңтар айында 15%-ға бір-ақ құлдыраған. Бұған инвестицияны желеу етіп, капиталдың шетелге жылыстауы мен алаяқтық жолмен ақша жымқыру түрткі болған. Бұдан бөлек, әлемнің кей елдерінде шетелдік инвестицияға бақылау қатаңдатылған. Бұл жайында Қытай халық республикасының коммерция министрлігінің ресми өкілі Гао Фэн мәлім етті. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2018 жылдың қаңтар айында кей елдердің тау-кен өндірісінде инвестиция артқан. "Тау-кен өндірісін есепке алмағанда шетелдік инвестиция (өткен айда) 22,6%-ға дейін өсуі мүмкін еді",- деді ол. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2017 жылдың тамыз айында Қытай билігі шетелдік инвестицияға қатысты ереже талаптарын күшейткен болатын. Нақтырақ айтқанда, қандай салаларға инвестиция құюдың қажеттілігі әрі қандай салаларда инвестиция рационалды еместігі көрсетілген. Аталмыш ережеде, сондай-ақ, әскери технологияларға инвестиция құюға қатаң тыйым салынған. Өйткені, бұл өз кезегінде Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сонымен қатар, тәуекелі жоғары құмар ойындарға, т.б. инвестиция салуға болмайтыны айтылған. Бұған қоса, шетелдік жылжымайтын мүлікпен, қонақ үйлермен, спорт клубтарымен және киностудиялармен мәмілелер жасасуға шектеу қойылған. Қытай билігі қолға алған "Бір белдеу - бір жол" ғаламдық жобасы аясындағы инфрақұрылымға қатысты инвестицияны мақұлданған. Осы тұста қаңтар айында қытай инвесторлары аталмыш жаһандық бастамамен байланысты жобаларға 1,33 млрд доллар инвестиция құйған. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 8,1 пайызға көп. 

0 пікір
Мұрағат