Қытайда 100-ден аса вьетнамдық әйелдер із-түссіз жоғалды
Қытайда 100-ден аса вьетнамдық әйелдер із-түссіз жоғалды
9 жыл бұрын 2994

Қытайдың Хэбэй провинциясында 100-ден аса вьетнам әйелі із-түссіз жоғалды. Осы оқыс оқиғаға байланысты Қытай билігі іздестіру, тексеру амалдарын бастады. Үстіміздегі жылдың қараша айының соңында   жоғалған әйелдердің бәрі Хандан қаласының маңында орналасқан ауылдық елді-мекенде тұратын ер адамдардың қалыңдықтары болып шықты. Демографиялық ахуалды реттеу мақсатында талай жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл елдегі «бір бала» саясатының әрі шығыс менталитенінде ұл балаға артықшылық берілетініне байланысты, яғни, гендерлік дисбаланстың салдарынан Қытайда тұрмысы төмен бойдақтар қалыңдықты сырттан, дәлірегі, оңтүстік Азия елдерінен іздеуге мәжбүр.  Нақтырақ айтқаанда, бойдақтар танысу қызметіне жүгініп, Вьетнам, Бирма және Камбоджа секілді елдерден қалыңдық іздейді. China Daily газетінің таратқан хабарына қарағанда, бойдақтарға қалыңдық тауып берген жеңгетай да із-түссіз жоғалған. Аталмыш басылымның дерегіне сенсек, қалыңдықтардың жоғалуына ұйымдасқан қылмыстық топ кінәлі көрінеді. Сондай-ақ, әр қалыңдық үшін мыңдаған юан (қалыңмал) төленген.  Ұшты-күйлі жоғалған Ву Мейю есімді жеңгетай 20 жылдан осы өңірде тұрып келген. Үстіміздегі жылдың бас кезінде ол Вьетнамнан қалыңдық тауып беретінін уәде етіп, әр клиенттен 115 мың юаннан (18600 доллардан) алғаны да белгілі болды.

 

0 пікір
Мұрағат