|
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
|
Қытай 16 жылда алғаш рет мобилизация туралы заңын өзгертті, дәлірегі, әскери мақсатта азаматтық технологияны да соғысқа жұмылдыруды көздейтінн тармақ қосты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейжіңдік әскери құқық жөніндегі сарапшы Се Дан заңнама бойынша соғысқа жұмылдыру тетігі жасанды зерде, ұшқышсыз жүйелер, киберқеңістік, биотехнология және кванттық әзірлемелерге қолданылатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазан айының 1-і күні күшіне енетін түзету тек технологияға ғана емес, осы нарықтың ойыншылары мен осы саладағы мамандарға да қолданылатын болады. Заң мәтінінде егер елдің «ұлттық егемендігіне, бірлігіне, аумақтық тұтастығына, қауіпсіздігіне және даму мүдделеріне» тікелей қауіп төнсе, заңға енгізілген рсы түзету қолданылатыны айтылған.