Қытай шекара мен жағалау аймақтарын біріктіретін бірегей стратегиялық жобаны қолға алады
Қытай шекара мен жағалау аймақтарын біріктіретін бірегей стратегиялық жобаны қолға алады
35 минут бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай Шыңжаң мен Тибеттің шекарасынан Солтүстік Кореямен шекаралас Дандун қаласы арқылы оңтүстік-шығыс жағалауға дейін ұзындығы шамамен 27 000 шақырым болатын «Алтын айналма жол» салу жоспарын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Жер шарының үштен екі бөлігін (шамамен 40 000 шақырым) алып жатқан жол бейбіт уақытта туристер мен жүктерді тасымалдайтын болады, алайда, соғыс немесе шекарадағы қарулы қақтығыстар кезінде әскерлер мен ауыр техниканы тасымалдау үшін әскери бағыт болып қайта жабдықталуы мүмкін. Бұл мегажоба логистиканы, шекараларды басқаруды және ұлттық қорғаныс мүмкіндігін нығайтып, бүкіл елді біртұтас орасан зор циклге біріктіруге бағытталған.

Көлік министрлігі таяуда мемлекеттік кеңестің ақпараттық кеңсесінің брифингінде 15-бесжылдық жоспар (2026-2030) кезеңінде G219 мен G331 шекара маңындағы жолдарын G228 жағалауындағы жолмен толық байланыстыратынын хабарлады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін шашыраңқы өңірлер арасындағы көпірлерге және тар немесе апатқа ұшыраған өлкелерді кеңейтуге баса назар аудара отырып, бес жылда шамамен 7400 шақырым жаңа жол салынатын немесе жаңғыртылатын болады.

Шөлден, жазық дала мен үстірттен және мұздықтан жағалауға дейін

Қосылуы тиіс үш жолдың ішінде G219 Шыңжаңдағы Канастан Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Дунсинге дейін шамамен 10 000 шақырымға созылып, батыс шекарасынан өтеді. Ол шөл мен шөлейт, мәңгілік тоң қабаттары, Тибет үстірті және Гималай мен Хендуан тауы секілді тау сілемдері арқылы өтеді. G331 Шыңжаңдағы Алтайдан Ляонин провинциясындағы Дандунға дейін шамамен 9 200 шақырымға созылып, солтүстік шекараны кесіп өтеді. G228 жағалауды бойлай Дандуннан Дунсинге дейін шамамен 7 400 шақырымға дейін созылады, бұл маң Вьетнаммен арадағы шекарадан таяу.

Ең күрделі құрылыс учаскесі - Шыңжандағы G219 Жесу-Уенсу жолы. Бұл жоба солтүстік пен оңтүстік Шыңжанды бөліп тұратын Тян-Шан тауы арқылы қысқа жол салуға бағытталған. Жалпы учаскенің 237 шақырымы Тян-Шан батыс тоннелінің өзі 15,7 шақырымды қамтиды. Тоннелдің ең терең нүктесі - 2 365 метр тереңдікте орналасқан  таулы және мұздық астында орналасқан, бұл ретте маршруттың 70%-дан астамы мұздықтармен жабылған. Билік оны Қытайдағы мұздықтың астынан өткен бірінші сыныпты автокөлік туннелі ретінде сипаттайды.

Бұл учаске 2027 жылы ашылғаннан кейін бұрын Тян-Шан тауымен бөлінген Шыңжаң мен Акэсудың солтүстігіндегі Ининге тікелей қосылатын болады. Қазіргі уақытта ұзындығы 1200 шақырымды айналып өту қажет, ал жаңа жол 445 шақырымға дейін қысқартады.

Әскери мақсатта пайдалануға арналған «Ұлттық қорғаныс желісі»

Алтын айналма жол шекара маңындағы аймақтарды орталық көлік және логистикалық желіге біріктіру жөніндегі саяси мақсаттарды да көздейді. Бұрын Қытай Бейжің сияқты ішкі тораптардан шекараға дейін созылатын радиалды желілер салған. Шекаралар мен жағалаулар бойына сыртқы айналма осьтің қосылуы шалғайдағы шекара маңындағы аудандарды тікелей байланыстырады. Бұл Тибет және Шыңжан сияқты азшылықты құрайтын ұлт өкілдері мекендейтін өңірлерде әкімшілік және экономикалық ықпалды нығайту әрекеті ретінде түсіндіріледі.

Экономикалық тұрғыдан 100-ден астам ұлттық деңгейдегі сауда порттары мен ірі жағалау айлақтары бірыңғай жол желісімен байланысатын болады. Батыста ол Қытай-Еуропа жүк теміржол бағыттарымен және АСЕАН (оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ынтықтастығына мүше елдер) елдерінің атсалысуымен салынған Батыс құрлықтағы-теңіздегі жаңа өткелмен қосылады. Шығыста ол қалааралық теңіз желілерімен байланысты. Жоспар импорт-экспорт бағыттарын әртараптандыруға және егер белгілі бір теміржолдар немесе айлақтар жабылатын болса, баламалы көлік жолдарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қытай билігі бұл жолды автокөлік саяхатының жаһандық бағытына айналдыруды жоспарлап отыр. G219 қар басқан таулар, мұздықтар, шөлдер мен жазықтар арқылы, ал G331 - Ішкі Моңғолия шабындықтары мен Пэкту тауы арқылы өтеді.

0 пікір
Мұрағат