Қытай қажылары қасиетті Меккеден қайтар жолда жұртты тамсандырар іс жасаған (Видео)
Қытай қажылары қасиетті Меккеден қайтар жолда жұртты тамсандырар іс жасаған (Видео)
1 жыл бұрын 5553

Қасиетті Мекке қаласынан жүректі тебірентер бейнебаян таралуда. Бейнебаянда биылғы жылғы қажылық маусымында парызын өтеу үшін қытай елінен келген қытай қажылары Меккеден елдеріне қайтар кезде, көшедегі қоқыстарды теріп, кетераяқ, қасиетті мекенге деген сый-құрметтерін осылай паш еткен.

Қытай қажыларының мұндай іс-қимылдарына тамсанған әлем жүртшылығы алғыстарын білдіріп, бейнебаянды әлеуметтік желіде жарыса бөлісіп жатқан жайлары бар. Интернет белсенділері мен блогерлер өзге елден келген қажыларды үлгі алуға шақыруда. «Тазалық - иманнан!» деген ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың қасиетті сөзін, тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де осылай көрсете білуіміз керек екендігін пікір қалдырушылар жарыса жазуда. 

Алла Тағала қажылардың қажылығын қабыл етсін!

0 пікір
Мұрағат