Қытай көсемі Саудияға ресми сапармен келді (видео)
Қытай көсемі Саудияға ресми сапармен келді (видео)
1 жыл бұрын 1263 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай күллі әлемді энергетикамен қамтамасыз етіп отырған Саудиямен арадағы ынтымақтастығын тереңдетуге мүдделі. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай көшбасшысы Ши Жипин Сауд Арабиясына ресми сапары аясында қытай-араб саммитіне қатысу және тараптардың экономикалық байланысын нығайтатын бірқатар салаларда құны шамамен 30 миллиард долларға бағаланған бірқатар келісімдерге қол қою үшін келді. Бірлескен жобалардың біріне араб түбегінде Қытай кәсіпорындарының аймақтық орталығын құру жатады. Кездесуде тараптар стратегиялық серіктестік туралы келісімге келіп, Бейжің мен Ер-Риядтың ұзақ мерзімді бағдарламалары арасындағы үйлестіру жоспары бекітілуі мүмкін. Дәлірегі, Сауд Арабиясының әлеуметтік-экономмикалық реформалар бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасын жүзеге асырудың тетіктері қарастырылады. Сарапшылардың пайымдауынша, Қытай басшысы мен оның саудиялық әріптестері арасындағы келіссөздердің негізгі тақырыбы энергия үшін төлемдерді юанмен (қытайдың төл ақшасы – ред.) жүзеге асыру болмақ. Бұл қадам бүкіл әлемдік мұнай нарығында трансформация тудырады.

0 пікір
Мұрағат