Қытай компаниясы Қырғызстанда ислами құнды қағаз шығара бастады
Қытай компаниясы Қырғызстанда ислами құнды қағаз шығара бастады
11 ай бұрын 688 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанда исламдық үлестік сертификаттардың бірінші шығарылымы – сукук әл-мударабаны мемлекеттік тұрғыдан тіркеу процедурасы аяқталды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  kabar.kg. дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нарыққа жалпы мөлшері 750 млн сом болатын 750 млн сертфикат енгізілді. Сукук – құнды қағаз қожайынына компания тапқан пайдадан үлесін алуға мүмкіндік беретін мәміле түрі. Ал пайдадан алатын үлесі құнды қағаз қожайынының қанша қаражат салғанына қарай белгіленеді. Бұл құнды қағазды гонконгтық «Intercascade Trade and Finance Limited» компаниясы шығарып отыр. Аталмыш компания сукук арқылы өз қызметін қаржыландыратын қаражат табуды көздейді. Аталған компания оңтүстік-шығыс Азия елдерінде құрастырылған тұрмыстық және өнеркәсіп техникаларын көтерме саудасымен айналысады. Ислам бағалы қағаздарының түрлері және олардың нарықтағы айналымы Қырғыз Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңымен реттеледі, бұл заң талаптарына сәйкес шариғат талаптарына негізделген құнды қағаздар исламдық қаржыландыру принциптері негізінде шығарылған, эмитенттің белгіленген мүлкінде немесе бизнесінде бөлінбейтін акцияға меншік құқығын куәландыратын бағалы қағаздар болып табылады. Қырғызстанның заңнамасы сукуктың келесі түрлерін шығаруға рұқсат етеді және реттейді: исламдық жалға алу сертификаттары (сукук әл ижара), исламдық жобаны қаржыландыру сертификаттары (сукук әл истисна), исламдық үлестік сертификаттар (сукук ал мудараба), исламдық инвестициялық агенттік сертификаттары (сукук әл уакала би әл иститмар), исламдық серіктестік сертификаттары (сукук әл мушарака).

0 пікір
Мұрағат