Қытай геологтары Саудияның аумағынан уранның мол қорын тапты
|
Саудия аумағынан, дәлірегі, аталған елдің солтүстік-батысынан және орталығынан уранның үш кені табылды. Ондағы уран қоры 90 мың тоннаға жетеді. Саудия осылайша уран өндірісінде тәуелді болмай, өз ойынын жүргізетін державаға айналады – жаппай қырып-жоятын қару жасауға жететін қоры арқылы геосаясатта ірі ойыншыға айнала алады. Бұл – сарапшылардың пікірі. Ал ағылшын тілінде хабар тарататын The Guardian мерзімді басылымының тілшілері Саудия аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген қытай геологтарының құпия баяндамасымен танысқан. Дәлірегі, қазбалап жүріп тауып алған. Осылайша ықпал ету аймағы бойынша Иранмен текетірес аясында Саудия өзінің ядролық бағдарламасын әскери мақсатта пайдалануы мүмкін. Естеріңізде болса, бұл жайында сайтымыздың жаңалықтар таспасында осыдан бірер күн бұрын жарияланған «Саудияның ядролық амбициясын саясиландырудың астарында не жатыр» (сілтемелері: https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-14018/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14029/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14033/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14039/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14042/#gsc.tab=0) атты талдау материалымызда кеңінен тоқталғанбыз.