Қысылған ауада энергия сақтайтын әлем бойынша ең үлкен қойма ашылды (видео)
Қысылған ауада энергия сақтайтын әлем бойынша ең үлкен қойма ашылды (видео)
2 жыл бұрын 2411 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың солтүстігінде орналасқан Шанжикоу қаласында жұмыс істеуі үшін сығылған ауаны пайдаланатын ең жетілдірілген және ең қуатты энергия сақтау жүйелерінің бірі желіге қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы Chinese Academy of Sciences ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Қытай ғылым академиясы бұл үшін барлық әлемдік аналогтардан асып түсетін түбегейлі жаңа технология әзірлегенін хабарлады. Ол елдегі энергетикалық реформаны ескере отырып жасалды - 2030 жылға қарай мұндай жүйелер Қытайдағы барлық энергия сақтаудың 25%-ын құрауы керек. Қойманың қуаты сағатына 100 МВт және 400 МВт энергияны сақтай алады. Жетек құрылғысының егжей-тегжейлері ашылмаған, алайда, оның техникалық күрделі жоба екені белгілі. Ол суперкритикалық температурада жылуды сақтау саласындағы озық әзірлемелерді және жоғары қысымдағы газдардың қысылуын және кеңеюін бақылауға арналған технологияларды пайдаланады. Қытайлық жүйенің басты артықшылығы жобалық тиімділігінде, ол 70,4% құрайды. Бұл әлемдік рекорд, өйткені, қолданыстағы аналогтардың тиімділігі 42-50%-дан аспайды, ал ең жаңа салынып жатқан Hydrostor CAES жүйесінде ол 60%-ға әрең жетеді. Шанжикоудағы энергетикалық нысан электр желісіне жылына сағатына шаққанда 132 ГВт электр қуатын бере алады, яғни, 40-60 мың үйді жарықпен және жылумен қамтамасыз етеді. Бұл технология 42 мың тонна көмірді үнемдеуге және атмосфераға көмірқышқыл газының бөліну деңгейін 109 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Әлемдегі ең үлкен энергияны сақтайтын құрылғы іске қосылды

Өткен аптада Қытайдың Далиан қаласында қуаты 100 МВт-қа жететін аккумулятор желіге қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы Chinese Academy of Sciences aқпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Келесі кезеңде оның қуатын екі есе ұлғайту жоспарлануда, бұл жайт өз кезегінде энергия сақтау құрылғысын өз класындағы (тобындағы) әлемдегі ең үлкен нысанға айналдырады. Батарея жаңартылатын көздерден алынатын энергияны сақтауға арналған және 200 000 үйді электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Dalian батареясының жұмыс принципі электр энергиясын химиялық энергияға айналдыруға негізделген - ол электролит ерітінділерінде сақталады. Болашақта олар арнайы мембрана арқылы өтіп, қайтадан электр энергиясын алады. Ондаған электролиттік цистерналардан тұратын кешен соңғы жобаға сәйкес сағатына 800 МВт энергияны жинақтай алады.

Батарея в Даляне

Батарея в Даляне

0 пікір
Мұрағат