Қырғызстанда ЖОО басшыларына діни аттестация тапсыруға рұқсат етілген жоқ (видео)
Қырғызстанда ЖОО басшыларына діни аттестация тапсыруға рұқсат етілген жоқ (видео)
8 жыл бұрын 2857 24.kz

Зайырлы білімі болмағандықтан, Қырғызстандағы діни оқу орын басшыларының 92%-ына аттестация тапсыруға рұқсат етілген жоқ. Елде мұсылман діни басқармасында реформалау өтіп жатыр, ал діни оқу орындары ұстаздарының кәсіби жарамдығын тексеру – осы реформаның бір сатысы. Елде бүгінде 92 медресе мен 10 діни жоғарғы оқу орны тіркелген. Арнайы тексеру нәтижесінде 19 оқу орны діни басқарманың талаптарына сай келмей, 500-дей оқытушының жартысына сабақ беруге тыйым салынды. Ал осыған дейін имамдар мен өзге де діни жетекшілер кәсіби жарамдылығына емтихан тапсырған болатын. Бір мың үш жүз адам арасынан 800-і осы сынақтан сәтті өткен. Қалғандары мешіттердегі жұмыстан шеттетілді. Енді іріктеу байқауынан өткен үміткерлер олардың орнын басады. Осылайша діни басқарма ел тұрғындарының діни сауатын көтеруді көздеп отыр.

Бактыбек Осмонов, діндер жөнінде мемлекеттік комиссия директорының орынбасары: - Өкінішке қарай, қарапайым тұрғындарымыз радикалды идеяларға алданып, Сирия мен өзге де шиеліністі аймақтарда лаңкестік ұйымдардың қатарында соғысуға жалданып жүр. Бұл азаматтарымыздың діни сауаты төмен екенін көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат