Қырғызстанда халал индустрияның техникалық комитеті құрылды
Қырғызстанда халал индустрияның техникалық комитеті құрылды
1 жыл бұрын 1229 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғыз республикасы экономика және коммерция министрлігінің үлкен мәжіліс залында стандарттау және метрология орталығы (CSM) мен экономика министрлігіне қарасты «Халал индустриясын дамыту орталығы» мемлекеттік мекемесі арасында қырғыз республикасының сауда (IEC) халал индустриясының техникалық комитетін құру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды. Бұл жайында islam.kz порталы kabar.kg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғыз республикасының стандарттау жөніндегі техникалық комитетін құрудың мақсаты халал индустриясын дамыту және халал өнімдері мен қызметтерін стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіруге, сондай-ақ, ел президентінің 2021 жылдың  қазан айындағы «Қырғыз Республикасының 2026 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасы туралы» жарлығын іске асыруға саяды. Техникалық комитеттің құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, кәсіпорындардың өкілдері және халал индустриясы саласындағы мамандар кіреді. Халал индустриясының дамуы Қырғызстанға экономикаға қосымша инвестиция тартуға және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Қырғыз республикасы үкіметінің 2017 жылдың қыркүйек айының 12-дегі қаулысына сәйкес стандарттау және метрология орталығы сертификаттау жүйесін жүргізу және енгізу, өнімдер мен қызметтерді «халал» белгісімен таңбалауды енгізу және сақтау жөніндегі, сондай-ақ, республика аумағында таңбалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тіркеу тізілімін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік орган ретінде әрекет етеді. Сттандарттау және метрология орталығы, яғни, сертификаттау органы Қырғыз республикасының заңнамасына және SMIIC халықаралық стандарты бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің ережесі мен процедурасына қатысты талаптарды белгілейтін ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес шариғат талаптарына сай тауарлар мен қызметтерді сертификаттау рәсімдерін әзірлейді.

0 пікір
Мұрағат