Қырғызстан баласы мен қарт әке-шешесін асырағысы келмейтіндерді көше сыпыртып, түрмеге қамамақ
Қырғызстан баласы мен қарт әке-шешесін асырағысы келмейтіндерді көше сыпыртып, түрмеге қамамақ
8 ай бұрын 733 inform.kz Еркежан Смағұлова

Қырғызстан парламентінде бірінші оқылымда қабылданған ата-анасын асыраудан бас тартқан балаларды қылмыстық жазалауды көздейтін заң жобасы кері қайтарылды, деп хабарлайды Kazinfom агенттігі  24.kg ресурсына сілтеме жасап. 

Бұған дейін қырғызстандық депутат Тазабек Икрамов бастамашы болған түзетулер ата-анасын асыраудан жалтарып, қарттар үйінде қалдырғаны үшін 100 мың сомға дейін айыппұл салу немесе бір жылдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді қарастырған болатын.

«Көп ұсыныстар түскендіктен оларды дереу ескеру жөнінде шешім қабылданды, сондықтан жаңа, өзгертілген заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды», - деп түсіндірді Жогорку Кенеш.

Енді балалардың қарт ата-анасының ғана емес, кәмелетке толмаған немесе мүгедек және материалдық көмекке мұқтаж ересектердің алдындағы жауапкершілігі қарастырылады. 

«Қырғызстан Республикасы ҚК 178, 179-баптарына айыппұл санкцияы бойынша нормалар ұсынылады. Сонымен қатар заңнамада алименттің уақтылы және толық төленуін реттейтін нормалар жоқ, сондықтан жауапкершілікті қатаңдату мақсатында кодекске өзгеріс енгізу ұсынылады» делінген анықтамада.

Заң жобасына сәйкес, ата-анала алиментін бірнеше рет төлемей қойса, 40-тан 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе тоғыз айға дейін бас бостандығынан айырылады.

Егер кәмелетке толған, еңбекке жарамды балалар алиментін төлемесе, оларға 500-ден 1 мыңға дейінгі есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады (50-100 мың сом) немесе тоғыз айға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет - 800-ден 1 мың 200-ге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiшке (80-ден 120 мың сомға) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не арнаулы, әскери, құрметтi атақтан, дипломатиялық дәрежеден айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

0 пікір
Мұрағат