|
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰРМЕТІНЕ 488 ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІГЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ
|
Дубайда Құрбан айт мерекесінің құрметіне түрмеде жазасын өтеуші 488 адам бостандыққа шығарылады. Бұл шешімді Дубай әмірі, БАӘ вице-президенті, премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұм қабылдаған.
Қазіргі уақытта Дубай прокуратурасы мен полициясы аталмыш шешім бойынша жұмыс жүргізуде. Еске сала кетсек, БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид әл Нахайян бұған дейін 422 адамға кешірім жасаған еді. Кешірім Шардж, Рас-Эль-Хайма және Аджман әмірліктерінде де жарияланды. Айта кету керек, Құрбан айт мерекесі кезінде Біріккен араб әмірлігінің барлық мемлекеттік мекемелеріне бір апта демалыс беріледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді