Құран аудармаларының көрмесі өтуде
|
![Құран аудармаларының көрмесі өтуде](https://static.islam.kz/uploads/images/3eA/Joi/MbSe2maypV13yRvh-lg.jpg)
Тегераан қаласындағы (Иран астанасы) Алламе Табатабаи атындағы университетте түрлі тілде жарық көрген қасиетті Құран даналарының көрмесі өтуде. Нақтырақ айтқанда, көрмеге парсы, орыс, қытай, неміс, француз, ағылшын, түрік, әзірбайжан, испан және өзге де тілдерде жарық көрген қасиетті кітаптың даналары қойылған. Сондай-ақ, бұл көрмеден Құранды тәржімалаған адамдар туралы ақпараттар қамтылған плакаттарды да тамашалауға болады. Аталмыш шара Құранды аудару жөніндегі тұңғыш рет өткізіліп отырған халықаралық конференция аясында қолға алынған болатын. Осынау жиынға әлемнің он елінен, атап айтқанда, Ресей Федерациясынан, Франциядан, Испаниядан, Пәкістаннан, Қытайдан және Әзірбайжаннан, т.б. елдерден білікті аудармашылар қатысуда. Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)