Құқық қорғаушылар Францияның Малидегі қанды ізі туралы айтты
Құқық қорғаушылар Францияның Малидегі қанды ізі туралы айтты
2 жыл бұрын 1273 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция Африканың солтүстік-батысындағы Сахел аймағында антитеррорлық операцияның аяқталғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Франция президенті Еммануэл Макронның өзі мұны «әскерлерді стратегиялық орналастыру» деп атады. Қалай болғанда да британдық «Stoke White Lawyers» құқық қорғау ұйымы Франция күштік құрылымдарының лаңкестікке қарсы операция кезінде орын алған адам құқықтарының өрескел бұзылуы мен жазықсыз құрбандар туралы деректер келтіріп, олар туралы есеп берді. Дәлірегі, 2021 жылдың қаңтар айының 3-і күнгі үйлену тойындағыларды дронмен бомбалаудан 19 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұдан бөлек, абайсызда бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, артынан бұл әрекетті оларды лаңкестер деп жариялап, жала жабу арқылы жуып-шаймақ болғанын анықтады. Өйткені, куәгерлердің сөзі мен француз әскерилерінің сөзі бір-бірімен қабыспайды. G5 Сахел операциясы кезінде адамдар тобын лаңкестік топтармен шатастырып, ағаттыққа жол берген, кейіннен көптеген дәлелдер жойылып, қырғынға кінәлілерді жазалаудан аман алып қалған. Аталмыш ұйым баяндамасында айтылғандай Франция бейбіт тұрғындарды ажыратуда көп қателік жіберген, салдарынан бірнеше ондаған бейбіт тұрғын құрбан болған. Сондай-ақ, лаңкестерді анықтауда тиісті барлау жұмыстары дұрыс жүргізілмейді.

Ұқсас материал:

«Ауғанстандағы қаза тапқан балалар саны ресми деректен көп болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstandagy-qaza-tapqan-balalar-sany-resmi-derekten-kop-boluy-mumkin-17649/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат