Қоныс аударуға ниет еткендер қарасы соңғы он жылда рекордтық көрсеткішке жетті
Қоныс аударуға ниет еткендер қарасы соңғы он жылда рекордтық көрсеткішке жетті
1 жыл бұрын 710 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мұндай деректі америкалық Gallup зерттеу компаниясы келтіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компанияның бұл тарапта арнайы жүргізген сауалнамасына әлемнің 122 елінен шамамен 127 мың адам қатысқан. Бұл сауалнама жұқпалы індет пандемиясынан кейін әлем тұрғындарының қалыпты өмірге орала бастаған кезінде жүргізілгенін айта кету керек. Сонымен қатар, пандемия соңғы жылдары көші-қон деңгейінің төмендеуіне әсер еткенімен адамдардың көшуіне кедергі болған жоқ. Пандемияның екінші жылында адамдардың миграцияға деген ұмтылысы соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, делінген компания зерттеуінде. 2021 жылы әлемнің ересек тұрғындарының 16 пайызы (шамамен 900 миллион адам) өзге елге қоныс аударынамүмкіндік болса, өз елінен біржола кеткісі келетінін жасырмаған. Бұған қоса, соңғы он жылда Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде, Сахараның оңтүстігіндегі африкалық елдерде, сондай-ақ, Азияның бірнеше аймақтарында және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында көші-қонға деген ұмтылыс ең жоғары деңгейге жетті. Зерттеуде миграцияға ұмтылыстың жағдайы барлық жерде бірдей болмағаны атап өтілген. Атап айтқанда, ЕО елдерінде де, Шығыс Азия елдерінде де көші-қонға деген ұмтылыс айтарлықтай төмендеген. Еуроодақтағы Германия мен Франция, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея және Қытай сияқты елдерде халықтың көшуге деген құлшынысы соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеп кеткен.

0 пікір
Мұрағат