Қисынсыздан қисын - бұл өмірде бәрі мүмкін немесе АҚШ Саудиядан теріс айналып, Иранмен одақтасуы мүмкін бе
Қисынсыздан қисын - бұл өмірде бәрі мүмкін немесе АҚШ Саудиядан теріс айналып, Иранмен одақтасуы мүмкін бе
5 жыл бұрын 3777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қыркүйектің 14-не қараған түні Саудияның Aramco компаниясының Абкайкедегі және Құрайыштағы мұнай нысандарына шабуыл жасалды. Билік басына заңды жолмен, яғни, сайлау арқылы келген Әлі Абдолла Салехтың сүннит болғаны үшін қолына қару алып, бүлік бастаған Йемендегі хуситтер тайпасы (Йемендегі саяси билікке ұмтылған аталмыш тайпа туралы, Йемендегі саяси күштер мен алауыздықтың араздықтың астарында қандай мүдде мен мақсаты жатқаны турасында да кезінде шетжағалап айтып өткенбіз: «Йемен қасеріті» сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/iemen-qasireti-10579/#gsc.tab=0 немесе «Йемен шырғалаңы» сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/iemen-shyrgalany-11664#gsc.tab=0) осы шабуылды ұйымдастырды дегенмен хуситтердің әскери әрі қару-жарақ әлеуетіне күмәнмен қараған сарапшылардың дені бұған сене қойған жоқ. Бұл шабуылдың артында Иран тұрғанын айтқанымен Иран билігі мұны теріске шығарды. «Қасқырдың аузы жесе де – қан, жемесе де – қан», жаптым жала, жақтым күйенің керін келтірді дегенге саятын жауап қайтарды. Естеріңізде болса, Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың соңғы уақытта, әсіресе, АҚШ-тың 2015 жылғы Иранмен арадағы ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шығуынан кейін тым күрделі сипат алып келеді. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» - аталған аймақтағы ықпал ету аймағы үшін бақталасқа айналған екі алып державаның арасындағы текетіресті, дәлірегі, Саудия мен Иран тайталасын пайдаланған АҚШ, Қытай секілді әлемдік державалар өздерінің экономикалық мүддесін жүзеге асыруда. АҚШ-тың қару-жарақ саудасының көрігін қыздырған Парсы шығанағы елдері туралы осыдан бірер күн бұрын айтып өткенбіз: «Иранмен соғысқа ең алдымен АҚШ емес, тіпті, Израил де емес, басқа ел мүдделі» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/iranmen-sogysqa-en-aldymen-aqsh-emes-tipti-izrail-de-emes-basqa-el-muddeli-12397/#gsc.tab=0) я болмаса Қытайдың санкция астынды қалған Иранды шикізат базасы ретінде пайдаланған Қытай тарапы жайында да талдау материалдарын бергенбіз: «Таяу Шығыс бұрынғыдай АҚШ-қа емес, неге Қытайға бәс тігіп отыр» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygys-buryngydai-aqsh-qa-emes-nege-qytaiga-bas-tigip-otyr-12294/#gsc.tab=0). Тіпті, бұл тарапта басқаша пікір білдірген сарапшылардың ой-тұжырымын берген едік: «Таяу Шығыстағы стратегиялық күштер балансы өзгерді» сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-strategiyalyq-kushter-balansy-ozgerdi-12433/#gsc.tab=0) – хусит тайпасының Саудияның стратегиялық маңызы зор инфрақұрылымына шабуыл жасап, әлем экономикасына ауыр соққы беру арқылы арқылы аймақтағы стратегиялық күштер балансын өзгерткені туралы сарапшы пікірін де жоққа шығара алмайсыз. Аталған шабуылдан америкалық қарудың қорғай алмағаны да өз алдына бөлек тақырыпқа айналып шыға келді. Бүгінгі таңда саудиялық қару-жарақтың 88%-ы америкалық қару-жарақтан тұрады. Өткен жылы Саудия  қару-жарақ сатып алу бойынша  әлемдегі үлесі 12%-ға жеткен болатын. Жүздеген млрд долларын шығын етіп, америкалық қару-жарақ арсеналын импорттаудан әлемде нөмірі бірінші ел атанған саудиялықтар ендігі жерде АҚШ-тың қаруын бұрынғыдай көзсіз сатып ала бермейтін шығар. Оның үстіне, Йемендегі бейбіт тұрғындардың Саудия бастаған коалиция күштерінің әскери жорығынан ғана емес, сонымен қатар, аштықтан, аурудан, т.б. қырыла бастағаны әлем қауымдастығының наразылығына ұшырап, Саудияға қару саудасына шектеу қою туралы талап күшейіп келеді. Осы орайда Айдар Хайрутдинов есімді ресейлік сарапшының жазуынша, АҚШ пен Саудия одағы бұдан былай әлсірей беруі мүмкін. Сауда-саяси ынтымақтастық саудиялықтардың америкалықтардың қаруын сатып алумен шектелмейді, америкалықтардың Саудия жерінде өндірілетін мұнайдың ең негізгі тұтынушысы екенін де естен шығармау керек. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы Израилден кейін ең жақын одақтасы болып саналатын Саудия Иранмен арадағы текетіресте АҚШ арқаланып келген болса, бұдан былай Иранмен бір өзі бетпе-бет қалатын түрі бар. Олай дейтінімз, АҚШ Саудияға қолұшын созуға асығар емес саудиялық мұнай нысандарына жасалған шабуылға байланысты. Біз жоғарыда сөз еткен сарапшының топшылауынша, АҚШ ендігі жерде саудиялық мұнайға мұқтаж емес, өйткені, өзінің тақтатас мұнайы бар – Саудиядағы мұнай қоры таусылған жағдайда тақтатас мұнайға сұраныс артады. Бұлай дейтінімз, қазіргі Ақ үй қожайыны Твиттер әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында «Бізге таяу шығыс мұнай мен газы керек емес!» деп жазған болатын. Бұдан бөлек, Парсы шығанағындағы барлық араб елдерінің әлеуетін қоса алғанда әлдеқайда әлеуеті жоғары Иранмен ынтымақтастық орнатуы тиімді. Біздің ойымызша, АҚШ үшін Иран жылдан жылға ықпал ету аймағын кеңейтіп келе жатқан шығыс аждаһасының бетін қайтаруда маңызды ойыншыға айнала алады. Тек мұнайымен ғана емес, сонымен қатар, күллі Таяу Шығыстағы Қытайдың экономикалық және мәдени экспанциясына қарсы тұра алатын әлеуетімен де маңызды. Қытайдың Таяу Шығыстағы ықпалын барынша тежеп ұстайтын күш. Ал АҚШ-қа Қытайдың аталған аймақтағы ықпалына қарсы тұратын әлеуеті мықты одақтас керек. 

0 пікір
Мұрағат