Қазақстандықтарға қарағанда өзбектер мен қырғыздар ысырапқа жол бермейтін болып шықты
Қазақстандықтарға қарағанда өзбектер мен қырғыздар ысырапқа жол бермейтін болып шықты
4 жыл бұрын 2151 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының кезекті есебінде айтылғандай, әлемде өндірілген азық-түліктің үштен бірі қоқысқа тасталады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған ұйымның сайтында келтірілген дерекке жөн сілтеген Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғаламдық есепке қарағанда, жыл сайын 900 млн тоннадан аса тағам өнімдері қоқысқа тасталады. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының тағам индексі көрсеткендей, дүкен сөрелеріндегі, үй шаруашылығындағы, мейрамханалардағы тағам өнімдерінің 17 пайызы тұтынушыға емес, тікелей қоқысқа жөнелтіледі екен. Тіпті, кей азық-түрлері дүкен сөрелеріне жетпей қоқысқа тасталады. Жиын-терін кезінде, тасымалдау кезінде немесе қоймада сақтау барысында бүлініп, шіри бастағаны үшін. Яғни, азық-түлікті жинау мен сақтаудың өзіне қойылатын талаптардың дұрыс орындалмауынан осынша азық-түлік шығын болып жатады. Ал бұл тараптағы еліміздегі жағдайға келсек, Қазақстанның әр азаматы жылына орташа есеппен 76 келі азық-түлікті қоқысқа тастайтын болып шықты. Қазақстандықтарға қарағанда бұл мәселеде қырғыздар мен өзбектер үнемшіл әрі ұқыпты болып шықты. Аталған елдердің әр тұрғынына шаққанда азық-түлік шығыны 91 келіден аспаған. Ресейде бұл көрсеткіш – жан басына шаққанда жылына 33 келіні құраған. Ал тұтастай алғанда адамзаттың әр мүшесі өзі сатып алған азық-түліктің 11 пайызына дейін қоқысқа тастайды, мейрамханада 5 пайызын (жемейді), сауда желісінен сатып алған азық-түліктің 2 пайызын пайдаланбайды. Қоқысқа тасталған тағам қалдықтарынан атмосфераға бөлінетін парникті газдың мөлшері - 8–10% . Мұның бәрін неге тәпіштеп айтып отырмыз? Адамзат қарасының көбеюіне байланысты ауыл шаруашылық өнімдері үшін қоршаған ортаға орасан зор салмақ түсіп отыр. Жайылымдық және егістік жерлер үшін орман-тоғай оталып жатыр, жабайы жануарлар популяциясының тіршілік ету ортасы тарылып келеді, теңіз ресурсы таусылуға жақын, ауыл шаруашылық жерлері дегредацияға ұшырауда, яғни, құнарынан айырылып, тоз-тозы шығуда, атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтардан климат өзгерісі дағдарысы тереңдеуде, т.б. 

Ұқсас материалдар: 

«Азық-түліктің 3/1-і қоқысқа тасталады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/azyq-tuliktin-31-i-qoqysqa-tastalady-14630/#gsc.tab=0); 

«Тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tamaqty-tauysyp-jemegenderge-aiyppul-salynady-14587/#gsc.tab=0); 

«Мерзімі өткен азық-түлік қайта кәдеге жаратылатын болды»

«Әлемде тағамның үштен бірі қоқысқа тасталады немесе ысырапшылдықтың себептері мен салдары» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/alemde-tagamnyn-ushten-biri-qoqysqa-tastalady-nemese-ysyrapshyldyqtyn-sebepteri-men-saldary-9296/#gsc.tab=0);

«Жылына әлем бойынша азық-түліктің 14 пайыздайы қоқысқа тасталады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-alem-boiynsha-azyq-tuliktin-14-paiyzdaiy-qoqysqa-tastalady-12859/#gsc.tab=0);

«Ширек ғасырдан кейін азық-түлік тапшылығы орын алады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/shirek-gasyrdan-keiin-azyq-tulik-tapshylygy-oryn-alady-481#gsc.tab=0);

«Түркия жылына 36 млрд доллар шығын әкелетін шектен тыс ысырапшылдықпен қалай күресерін білмей отыр» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-jylyna-36-mlrd-dollar-shygyn-akeletin-shekten-tys-ysyrapshyldyqpen-qalai-kureserin-bilmei-otyr-12277/#gsc.tab=0);

«Бір жыл ішінде Еуропаның бір елі 1 жарым млн келіге тарта тағамды қоқысқа тастаған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/bir-jyl-ishinde-europanyn-bir-eli-1-jarym-mln-kelige-tarta-tagamdy-qoqysqa-tastagan-12248/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат