Ширек ғасырдан кейін азық-түлік тапшылығы орын алады
Ширек ғасырдан кейін азық-түлік тапшылығы орын алады
10 жыл бұрын 6357

Массачусетс технология институтының, Гонконг университетінің және Колорадо мемлекеттік университетінің ғалымдары негізгі азық болып табылатын күріш, жүгері, сұлы және бұршақтың түсімділігі 2050 жылға қарай күрт кемитінін алға тартып отыр. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, бұған ғаламдық жылыну мен экологиялық ахуал кері әсерін тигізетін болады. Нақтырақ айтқанда, 2050 жылға қарай ғаламдық жылынудың әсерінен аталған дәнді өсімдіктердің шығымы 10 пайызға кемиді. Ғалымдар дәлел ретінде ғаламдық жылынудың кесірінен бұршақ түсімінің 46 пайызға кемігенін алға тартып отыр. Сондай-ақ, озон қабатының тесілуінен жүгері тұқымы да құрып кетуі мүмкін. Ал ауаның ластануынан сұлы өспей қалуы мүмкін. Аталған дәнді дақылдардың әр аймақтың климатына байланысты өсіп-өнетінін ескерсек, олардың түсімінің азаю процесі де соған байланысты орын алады.  Ғалымдардың айтуынша, Африка құрлығында аштықтың қазіргі дейңгейі 18 пайыздан 27 пайызға дейін көтеріледі. Ғалымдар әлем көшбасшыларын осы бастан қамдануға, тиісті шараларды қолға алуға үндеп отыр.

1 пікір
Мұрағат