Қалыңдықтың жасауына тыйым салынып, мәһірдің мөлшеріне шектеу қойылды
Қалыңдықтың жасауына тыйым салынып, мәһірдің мөлшеріне шектеу қойылды
3 жыл бұрын 2095 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Исламда ұзатылған қалыңдық үшін жасау беру немесе күйеу жігіттің шаңырағына қандай да бір дүние-мүлік әкелуі міндетті емес. Алайда, бұл салт көптеген мұсылман елдерінде бар. Соның ішінде елімізде ата-баба дәстүрі ретінде алға шығады. Ал Кашмирдегі мұсылмандар бұл салтты мұсылман емес үнді ғұрпынан алып отыр, өйткені, Үндістанда жасау мен сән-салтанатпен үйлену тойын жасау – үнділердің көнеден келе жатқан ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған дәстүр. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзге наным-сенімдегі үнділердің салт-дәстүріне еліктегендер жасауды жиһаз, тұрмыстық бұйым, кейде ақшалай беріп жатады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, Кашмирдегі мұсылмандардың дені сілкіп салар сырмағы жоқ кедей болғандықтан 50 мыңдай әйел осы жасаудың болмауынан тұрмысқа шыға алмай отыр. Яғни, саналы түрде бас тартып отыр. Ол ол ма, қалыңдыққа зат ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Қалыңдық үшін берілетін қалыңмал қомақты болғандықтан жасауының да бай болғанын қалайды күйеу жігіттің туыстары. Әл-Жазира араб ақпарат көзінің жазуынша, Баба уаил елді-мекенінің кеңесі дәстүрдің озығы мен тозығы барын ескере отырып, бұл ғұрыпқа  тыйым салды. Аталмыш тыйымнан аттап өткендер немесе бұзғандарды жергілікті мешітке кіргізбейді әрі оны қайтыс болғанда мәйітін жергілікті мазарға жерлемейді. Бұған қоса, исламда тыйым салынбайтын мәһірді желеу етіп, «әкесінің құнын» сұрайтындарға да тосқауыл қойылады. Қалыңдық тарапынан болатын асыра сілтеу мен ашкөздіктің алдын алу үшін мәһірдің мөлшерін шектеді. Дәлірегі, бүгінде мәһірдің мөлшері 20 мың рупиден (268 доллар) асырмауды ұйғарып отыр.

0 пікір
Мұрағат