|
Қажылықты қаржыландыруды тоқтатты
|
Нигерия ендігі жерде қасиетті сапарға аттанғысы келетіндерге қаржылай қолдау көрсетпейді. Дәлірегі, қажылық парызын өтеп қайту үшін Құдыс пен Меккеге аттанатын қажылардың жол және өзге де шығынын көтеріп алмайтын болды. Бұл жайында Нигерия штатының губернаторы Әбу-Бәкір Сани Бело мәлімдеді. Билік орындарының мұндай қадамға баруына елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы себеп болған. Бұдан былай қасиетті сапарға мұсылмандар да, христиандар да қаржыны өз қалтасынан шығарады. Десе де қасиетті сапарға аттанатындарды бастап баратын жетекшілердің шығыны мемлекет есебінен өтеледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді