|
Қажылыққа алғаш аттанғандардың визасын Саудияның өзі төлейтін болды
|
Сауд Арабиясының билігі қажылығын, соның ішінде, ұмрасын өтеуге келген шетелдіктердің виза ақысын көтерген болатын. Десе де осы елге қажылығын (соның ішінде ұмрасын) бірінші рет өтеуге келгендердің виза ақысының шығынын Сауд Арабиясының өзі көтеріп алатын болды. Бұл жайында «Islam-today» ақпарат көзі хабар тараттын. Айта кетейік, Сауд Арабиясы виза ақысын көтерумен экономиканың шикізатқа тәуелді емес саласы арқылы бюджетті толтыруды көздеп отыр. Бір жолғы виза бағасы шетелдіктер үшін 533 долларды құрайды. Ал жарты жылға виза аштырғысы келетіндер үшін бұл баға 800 долларға жуықтайды. Жылдығы - 1333 доллар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді