|
Қажылар үшін қасиетті жерлерде видео және фото түсірілімдерге қатысты ескертпе мен ереже жарияланды
|
Саудия билігі қажылық кезінде қасиетті қос мешіт аумағында фото және видео түсірілімдерге қатысты жаңа ескертпесі мен ережесін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SamaaEnglish дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қажылық және ұмра істері жөніндегі министрлік қажылық кезінде құлшылыққа жете мән беріп, өзге дүниеге алаңдамауға шақырды. Дәлірегі, қасиетті жерде әдеп сақтап, сәтті суретке түсу үшін өзгелердің алдын кес-кестемеуге және адамдардың қозғалысына кедергі жасамауға үндеді. Бұдан бөлек, суретке түсуді қаламайтындарды кадрға тап болса, оларды таспаға тартып алуға тыйым салынады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды