Планетаның басқа бөліктеріне қарағанда 2,5 есе жылдам жылынып жатқан құрлық аталды
Планетаның басқа бөліктеріне қарағанда 2,5 есе жылдам жылынып жатқан құрлық аталды
1 жыл бұрын 1051 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Температураның көтерілу жылдамдығын зерттеу нәтижесі Еуропаны алаңдатуы керек - ғалымдар бұл аймақта температураның планетаның басқа бөліктеріне қарағанда тезірек көтерілетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы public.wmo.int ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы бақылау фактілері 1991 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде орташа есеппен Жердегі температура жылына 0,2 градусқа көтерілгенін тіркеді. Кәрі құрлық үшін бұл көрсеткіш 0,5 градусты құрайды. Өзге құрлықтарға қарағанда температураның екі еседен аса артуы аймақ билігін климаттық проблемаларға көзқарасын қайта қарауға мәжбүр етуі керек. Соңғы екі онжылдықта еуроаймақ тұрғындары жаз айларында өлімге әкелетін «ыстық толқындарды» жиі бастан кешірген. Жаһандық жылыну қарқынынан келген экономикалық шығынды мамандар 50 миллиард долларға бағалап отыр. Кейбір аудандарда құрғақшылық жайлап, ауыз су тапшылығы орын алған. Адамдардың өмір сүру жағдайлары жайсыз ғана емес, сонымен қатар, қауіпті сипат алып барады. Ғалымдардың пікірінше, жылыну жылдамдығының жоғарылауының себептері Гренландия мен Альпідегі мұздықтардың жылдам еруінде жатыр. Еуропаның билігі күрделі сипат алып келе жатқан проблемаларды еңсеру үшін атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін азайтуға және қоршаған ортаға кері әсер ететін барлық факторлардың алдын алатын шараларды қабылдауы керек.

Ұқсас материал:

«Еуропа елдері жаһандық проблема бойынша келісімге келді» (https://islam.kz/kk/news/alem/europa-elderi-jahandyq-problema-boiynsha-kelisimge-keldi-17645/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат