Пайғамбарлар падишасына (с.а.с.) карикатура салған тағы бір автор қаза тапты
Пайғамбарлар падишасына (с.а.с.) карикатура салған тағы бір автор қаза тапты
3 жыл бұрын 2350 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Lehtikuva Lehtikuva / Reuters

Екі әлем сардарына (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ашшы мысқылға толы келеке сурет салған тағы бір карикатура авторы Ларс Вилкс (суретте - ред.) пен оны қастандық жасаушылардан қорғайтын екі күзетші полиция жексенбіде, қазан айының 3-і күні Швецияның оңтүстігінде жол-көлік апатынан қаза тапты. Дәлірегі, жүк көлігі мен Ларс Вилкс (Lars Vilks) және полиция қызметкерлері отырған автокөлік соқтығысқан. Суретші 75 жасында бақилық болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CVT телеарнасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол отырған көлік Е4 магистралінде, Крунуберг провинциясы аумағындағы Маркарюд елді-мекен маңында апатқа ұшыраған. Бір-біріне соқтығысқан екі автокөлік те жанып кетті. Ларс Вилкс — исі мұсылманның ар-намысына тиген, Екі әлем сәруарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) басын итке ұқсатып бейнелеген, жол торабына арналған мүсін эскизінің авторы. Оны карикатурасы шведтердің Nerikes Allehanda мерзімді басылымында 2007 жылдың қазан айында жарияланған. Оның бұл әрекеті исі мұсылманның ашу-ызасына  тигендіктен полиция оны арнайы қорғауына алған болатын. Осы жыл шілде айында Адамзаттың асыл тәжіне (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) карикатура салған дат суретшісі Курт Вестергор (суреті төменде - ред.) 87 жасында Копенгаген қаласында дүние салған болатын. Оны да өмірінің соңында дейін полиция қорғауына алған болатын. Ол 2005 жылы осы карикатурасы үшін ислам әлемінің наразылығын тудырған болатын.

Курт Вестергор

Курт Вестергор

0 пікір
Мұрағат