Өзбектер Құрбан айтта кем дегенде үш күн демалады әрі жеңілдіктерге ие болады
Өзбектер Құрбан айтта кем дегенде үш күн демалады әрі жеңілдіктерге ие болады
11 ай бұрын 1716 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Uzbekistan Airways әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының 8-нен бастап сатылатын билеттер бойынша барлық бағыттағы ішкі рейстерге маусымның 28-і мен шілденің 2-і күндері аралығында 50% жеңілдік беріледі. Барар жеріне ұшақпен қатынағысы келетін азаматтарға. Құрбан айттың құрметіне. Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың желтоқсан айында Өзбекстан  президенті Шапқат Мірзей ресми даталарды мерекелеу кезінде қосымша жұмыс істемейтін күндерді белгілеу және 2023 жылға демалыс күндерін кейінге қалдыру туралы жарлыққа қол қойды. Осы жылдың сәуірі айының 20-ы күні аталған мемлекет басшысы жаңа жарлығымен жоғарыда аталған құжатқа өзгерістер енгізді. Бұл құжатқа сәйкес маусымның 30-ы күні (жұма) барлық қызметкерлер үшін қосымша демалыс күні болып жарияланды. Сонымен қатар, 6 күндік жұмыс аптасы бар жұмысшылар үшін шілденің 1-і (сенбі) қосымша демалыс күні болады. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, Өзбекстан тұрғындары Құрбан айтта кемінде үш күн қатарынан демалады.

- 2023 жылғы маусымның 30-ы күні (жұма) –барлық қызметкерлер үшін қосымша демалыс күні;

- 2023 жылғы шілденің 1-і күні (сенбі) – 6 күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін қосымша демалыс күні;

- 2023 жылдың шілденің 2-сі (жексенбі) күнтізбе бойынша демалыс күні.

Егер Құрбан айт маусымның (бейсенбіде) 29-да басталса, өзбектер төрт күн қатарынан, маусымның  28-і күні басталса, бес күн қатарынан демалады.

 

0 пікір
Мұрағат