Өзбектер жапон тәжірибесі бойынша бидaй өсірмек
Өзбектер жапон тәжірибесі бойынша бидaй өсірмек
3 жыл бұрын 1521 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан Жапонияның тәжірибесін Арал теңізі аймағында жаздық бидайдың тұзға және ыстыққа төзімді жаңа генетикалық түрін енгізу үшін қолдануды жоспарлап отыр. Өзбек дипломаттары бұл тарапта күншығыс елінің Тоттори университетінің мамандарымен ортақ жоба бойынша келіссіөз жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы өзбектердің «Дүние» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тараптардың кездесуі барысында аталмыш  жоғарғы оқу орнының шөлейтті жерлерді зерттеу орталығының (ALRC) шөлейтті жерлерді зерттеу және білім беру жөніндегі халықаралық платформа (IPDRE) профессоры Һисаси Судзимото жақсартылған жаздық (көктемгі) бидай үлгілерін алу және бидайды сұрыптау саласына инновациялық технологияларды табыстау үшін Өзбекстан президенті жанындағы Арал маңының халықаралық инновациялық орталығымен әріптестік орнатып, бірлесіп жұмыс істеуге бел буып отырғандарын жария етті. Жапон профессоры Тоттори университетінің ALRC-дегі өз зертханасында Өсімдік генетикасы мен тәжірибе жүргізілетін биология институтының маманына 3-4 ай шәкіртақы тағайындап, оны бидайдың плазмасын жақсарту әдістеріне үйрету, оны жылдам іріктеу, молекулалық деңгейде өсіру, оның ішінде геномдық деңгейде талдау және маркерлерді пайдалана отырып іріктеу тәсілдеріне үйретуге әзір екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, оқыту бағдарламасы құрғақшылықтан, аптап ыстықтан және тұздан туындаған стресстің фенотипін зерттеуді, соның ішінде ALRC-де әзірленген омикс талдауын және микроплазманы, бидай өсіру бағдарламасына сәйкес микробты таңдау және анықтауды қамтиды.

0 пікір
Мұрағат