Өткен жылы атмосфераға бөлінген қауіпті газдың мөлшері рекордтық деңгеге жеткен
Өткен жылы атмосфераға бөлінген қауіпті газдың мөлшері рекордтық деңгеге жеткен
2 жыл бұрын 1896 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Daniel Moqvist / Unsplash

2021 жылы күллі әлем бойынша атмосфераға соңғы 40 жыл ішінде метан газының рекордтық мөлшері бөлінген. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тағы Океандық және атмосфералық зерттеудің ұлттық басқармасының (NOAA) мамандары әзірлеген баяндамада келтірілген дерек бойынша 12 ай ішінде атмосфераға 640 млн тонна метан бөлінген. Өткен жылы метан газының шамамен 30 пайызы мұнай мен газ және көмір өндірісінен бөліген. Ғалымдардың есебінше, 2021 жылы метан мен көмірқышқыл газының атмосфераға бөлінген мөлшері 36 млрд тоннаға жеткен. Көмірқышқыл газына қарағанда метан аса қауіпті парникті газ – метан молекуласының жылу эффектісі өте жоғары. Атмосферадаға жиырма жыл бойы бола алады, ал көмірқышқыл газы ауада бір ғасыр бойы жоғалмайды.

0 пікір
Мұрағат