Осы заманғы құлдық: қай елде құлдар көп екені айтылды
Осы заманғы құлдық: қай елде құлдар көп екені айтылды
1 жыл бұрын 900 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша 50 млн-ға тарта адам құлдықта өмір сүріп жатыр, олардың 1,89 млн-ы – ресейліктер. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  Walk Free құқық қорғау ұйымының Халықаралық еңбек ұйымымен және Халықаралық көші-қон ұйымымен бірігіп ұсынған Жаһандық құлдық индексінде (Global Slavery Index) келтірілген мәліметке жөн сілтеген «Коммерсантъ» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы заманғы құлдық туралы айтылғанда, адамды белгілі бір себептерге байланысты (қандай да бір қауіп (мысалы, күнкөріс көзін таба алмай қалу қаупі), мәжбүрлеп жұмысқа жегу, зорлық-зомбылық, жұмы беруші тараптың өз билігін асыра пайдалану, алдау-арбау, т.б.) пайдалану фактілері жатады. Құлдықтағы 50 миллионға жуық адамның 27,6 миллионы мәжбүрлі түрде жұмысқа жегілген, қалған 22 миллионы мәжбүрлі некеде тұрады. Құлдардың жартысынан көбі - әйелдер мен қыздар. Қазіргі әрбір төртінші бала құлдар санатында. Аталған ұйымның дерегінше, әлемдегі барлық құлдардың үштен екісі небәрі он елде – АҚШ, Үндістан, Қытай, Солтүстік Корея, Пәкістан, Ресей, Индонезия, Нигерия, Түркия, Бангладеште тұрады.

Walk Free мағлұматы бойынша құлдықтың ең жоғары деңгейіндегі елдер:

Солтүстік Корея – 1000 адамға шаққанда 104,6 адам немесе 26 миллион тұрғынға 2,6 миллион құл,

Эритрея (1000 адамға шаққанда 90,3),

Мавритания (1000 адамға шаққанда 32),

Сауд Арабиясы (1000 адамға шаққанда 21,3),

Түркия (1000-ға шаққанда 15,6),

Тәжікстан (1000-ға шаққанда 14),

Біріккен Араб Әмірлігі (1000-ға шаққанда 13,4).

Құлдықтың таралуы бойынша алғашқы ондыққа Ресей, Ауғанстан және Кувейт кіреді, бұл елдерде 1000 адамға 13 құлдан келеді. Құлдықтың ең төменгі деңгейі, баяндама авторларының айтуынша, Швейцария мен Норвегияда (1000 адамға 0,5).

0 пікір
Мұрағат