Орман мазарға жерленгісі келетіндер саны квотадан бірнеше есе асып кетті (видео)
Орман мазарға жерленгісі келетіндер саны квотадан бірнеше есе асып кетті (видео)
1 сағат бұрын 52 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Кобе муниципалды үкіметі әзірлеген «Орман зират»-ты пайдалануға қатысты өтінішті қабылдаудың алғашқы кезеңінде 1038 өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш алғашқы шамамен 80 мәйіт комплектісіне шақталған шамадан 13 есе асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Тһе Мainichi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, мұндай ақтық сапарға дайындық адамның табиғатқа қайтып оралу ұмтылысынан туындап отыр. Наурыз айының соңында Хиёдоригоэ орман бағында аяқталған зират құрылысының ауданы 1200 шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл «сатояма» стиліндегі орын, онда жекелеген ағаштар емес, бүкіл орман құлпытас қызметін атқарады. Сатояма адамдар мен табиғат бірге өмір сүретін ауылдық ландшафттарға жатады. Жерлеу орны сым қоршаумен қоршалған, оның айналасына орындықтар, беседкалар мен ақпараттық тақтайшалар орналастырылған. Күллі күншығыс елі бойынша үкімет тағайындаған ірі қаладағы алғашқы орман зиратының танымалдылығы артып келеді. Өзін орманда жерлеуге өтініш бергендер арасында жасы 65-тен асқандар қарасы көп. 616 өтініш және олардың қалдықтарын көмуге 422 өтініш келіп түсті. Алғашқы кезең бойынша 1600 комплектілі қалдықтарды көму жоспарының 60% -ын толтырды. Мәйіт қалдығы күлдей болғанша ұсақталып, топыраққа көміледі. Бір комплекті үшін алынатын ақы 150 000 йен (шамамен 920 доллар) құрайтын болады. Елу жылдан соң мазар мәртебесі жойылып, табиғи орманға айналады. Яғни, халық демалатын, саялайтын орынға айналады. Орман зиратқа өтінішті қабылдаудың келесі кезеңі 2027 жылға жоспарланып отыр. Осы орайда осы күнге дейін қайтыс болған адам мәйітін өртеген соң күлін пұтханаларға жерлеу (мәйіттің күлін сақтау) ғұрпы кеңінен етек алғанын айта кетпекпіз. Тіпті, ақтық сапарға шығарып салуға жағдайы жоқтар мәйіт қалдығын тиісті жеріне жеткізумен шұғылданатын Japan Post Co. компаниясының қызметіне жүгінеді.

0 пікір
Мұрағат