|
Оманның ислами банк активі елдің банк секторындағы активтің 19 пайызына жетті
|
Оман сұлтандығындағы ислам банктерінің активтері 2026 жылғы мамыр айының соңына қарай шамамен 9,8 миллиард риалға (омандықтардың төл ақшасы - ред.) дейін өсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,2 пайызға артық. Бұл жайында islam.kz порталы Times of Oman ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ислами банк активтерінің үлесі Оманның жалпы банк секторы активтерінің 19 пайызына жеткен. Оман орталық банкі жариялаған деректер бойынша исламдық банк секторының бөлімшелері ұсынған өтелмеген қаржыландырудың жалпы көлемі 10,5 пайызға өсіп, шамамен 7,9 миллиард риалға жетті. Ислам банктеріндегі және ислам терезелеріндегі депозиттер де 11 пайызға өсіп, 2026 жылғы мамырдың соңына қарай шамамен 7,8 миллиард риалға жеткен.