Оман сұлтандығының мүфтиі Режеп Тайып Ердоғанға аса маңызды мәселеде қолдау білдірді
Оман сұлтандығының мүфтиі Режеп Тайып Ердоғанға аса маңызды мәселеде қолдау білдірді
8 күн бұрын 1327 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оман сұлтандығының бас мүфтиі, шейх Ахмет бин Хамад әл-Қалел Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның «Пайыздың жоғарғы мөлшерлемесімен» күресетіні туралы шешіміне қолдау білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оман мүфтиі түрік билігінің өсімқорлықтың белең алуына байланысты жасалған бұл қадамын құптайтынын twitter әлеуметтік желісінде білдере келе мұсылман елдерін бұл бастамаға қосылуға шақырды. Осы орайда соңғы бірер айда Түркияның ұлттық валютасының қатты құнсызданып кеткенін айа кетпекпіз. Аталған елде пайыздық мөлшерлеме 17 пайызды құраған. Ұлттық экономиканың кері кетуін және елдегі инфляция деңгейінің көтерілуін түрік билігі жоғары пайыздық мөлшерлемеден көріп отыр. Дегенмен Түркия басшысының бұл тарапта қандай елеулі қадам жасай алатынын тап басып айта алмаймыз.

Изображение

0 пікір
Мұрағат