Нормадан тыс көміртек газының 4 тоннасы бір адамның ажалына себеп болып отыр – зерттеу
Нормадан тыс көміртек газының  4 тоннасы бір адамның ажалына себеп болып отыр – зерттеу
3 жыл бұрын 1274 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінен адамның өлім-жітіміне себеп болатын, дәлірегі, осындай себеппен өлетін адам санына қатысты көміртек газының мөлшері, яғни, нақты қатынасы белгілі болды. Колумбия университетінің ғалымдарының адам өлім-жітіміне себеп болатын көміртек мөлшерін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осынау зерттеуге атсалысқан аталмыш жоғарғы оқу орнының ғылым кандидаты Даниэль Бресслердің бұл тараптағы тұжырымы бойынша экономиканың шығыны түрінде көрсететін бүгінгі атмосфераға бөлінетін парникті газдың мөлшерін бағалау жүйесі ескірген. Дәлірегі, климат өзгерісі мен жаһандық жылынудан болатын миллиондаған өлім-жітімді бағалау ескі деректерге негізделген. Жаңа әдіс нақты бір кәсіпорынның өз шешімінің қанша адамның ажалына себеп болатынын көрсетіп бермек. Аталған зерттеу барысында ғалымдар климат өзгерісінің адам өлім-жітіміне әсерін денсаулық сақтау саласындағы негізгі зерттеу негіздерінде зерделеп көрген екен. Сондай-ақ, климат өзгерісіне тікелей байланысты, соның ішінде, ауа температурасының көтерілуінен болатын өлім-жітім ғана назарға алынған әрі дауыл мен тасқан-селден, құрғақшылықтан, инфекциялық аурулардан немесе соғыстан болатын өлім-жітім ескерілмеген еді. Ғалымдардың пайымдауынша, осы ғасырда қалыпты мөлшерге қарағанда шектен тыс бөлінген көмірқышқыл газының метрикалық тоннасына шаққанда өлім-жітім көрсеткішінің 0,000226-ға артық екенін дәлелдеп берді.

0 пікір
Мұрағат