Нигерия мұсылмандары хижабқа салынған тыйымның жойылғанын мерекеледі
Нигерия мұсылмандары хижабқа салынған тыйымның жойылғанын мерекеледі
1 жыл бұрын 1174 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нигериялық мұсылмандардың құқық қорғау ұйымдары Лагос штаты билігінің елдің жоғарғы сотының шешімін орындап, мектеп оқушыларының хиджаб кию құқығын қамтамасыз етуге көшті. Бұл жайында islam.kz порталы The Nation Online ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нигерияның жоғарғы сотының мұсылмандар пайдасына істі шешуіне Әсия Әбдікәрім есімді  мұсылман әйелдің шағымы себеп болғанын айта кету керек, дәлірегі, оның Лагос штатының үкіметіне қарсы ісін қарап, апелляциялық соттың шешімін дұрыс деп тауып, мемлекеттік мектептерде хиджаб киюге тыйым салудың діни кемсітушілікке бастайтынын растады. Лагос штатының үкіметі соттың үкіміне наразылық білдірмеді және мектептерде оқушы қыздарға хиджаб киюге рұқсат беру міндеттемесі туралы хабардар ететін циркуляр шығарды. «Жеңіс үшін Алла Тағалаға алғыс айтамыз және бірлігі мен қолдауы үшін бауырларымызға алғысымызды білдіреміз», - деп түсіндірді құқық қорғау ұйымының директоры Мутиат Оролу-Балогун. «Біз бұл шешімнің хижаб киген мұсылман студенттерді қудалауды, қысым көрсетуді және жәбірлеуді тоқтатады деп үміттенеміз», - деп қосты Нигерия мұсылман студенттер қоғамының президенті Мифтахуддин Танни.

0 пікір
Мұрағат