Немістер құпия, лазерлі қаруын сынақтан өткізді (видео)
Немістер құпия, лазерлі қаруын сынақтан өткізді (видео)
8 ай бұрын 753 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германияның әскери теңіз күштері қуаты 100 кВт-қа жететін лазерлік қаруын сынақтан өткізді. Аталған қару Sachsen фрегатына орналастырылған. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. MBDA Deutschland/Rheinmetall лазерлік қаруының қарым-қабілеті 5800 тонна суды ығыстыра алатын «Саксония» тұрпатындағы фрегатта сыналды. Лазерлік зеңбірек қуаты 2 кВт болатын 12 модулден тұрады. Олар жоғары сапалы лазер сәулелерін қалыптастырады және бір сәулені қалыптастыру үшін спектрлік біріктіру технологиясын қолдана отырып, сәулелік біріктіргіштен өтеді. Оның қуатын 100 кВт-қа дейін арттыруға болады. Rheinmetall компаниясының келтірген дерегіне қарағанда, жаңа лазерлік қару өте қысқа қашықтықта ұшқышсыз ұшақтармен, қайықтармен және зымырандармен күресуге арналған. Кейінгі модификациялар, яғни, жетілген нұсқалары кәдімгі және дыбыстан жылдам зымырандармен, сондай-ақ, миномет немесе артиллериялық оқтармен күресуге көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат